Наурызнама аясындағы мәні терең, мазмұны айрықша күндердің бірі – Шаңырақ күні. Бұл – отбасындағы береке мен бірлікті, мейірім мен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке.
Осы атаулы күнге орай мекемемізде «Шаңырақ күніне» арналған арнайы «шабыт тақтасы» ұйымдастырылды. Тақтаға қызметкерлердің балалары салған көңіл тебірентерлік суреттер мен әрбір отбасының бақытты сәттерін бейнелейтін фотосуреттер ілінді.
Бұл бастама жай ғана көрме емес, ұжым ішіндегі рухани байланысты нығайтып, әріптестерді жақындастыра түскен ерекше сәтке айналды. Осындай игі шаралар арқылы әр шаңырақтағы жылулық пен татулықтың қадірі арта түспек. Себебі әр отбасының бақыты мен берекесі біріге келе үлкен ортақ құндылықты құрайды.
Шынында да, шаңырақ шаттығы – бәрімізге ортақ құндылық.
Бүгін «АШАІМИ» ұжымында ерекше әсерге толы, тағылымы мол жиын өтті. Геодезия және картография саласына қырық жылдан астам ғұмырын арнаған қадірлі қызметкер Елена Анатольевна Новосельцева зейнеткерлік демалысқа шықты.
Елена Анатольевна еңбек жолын 1982 жылы бастап, содан бері өз ісіне адалдығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында зор абыройға ие болған білікті маман ретінде танылды. Соңғы жылдары институт ұжымында қызмет етіп, ортақ мақсат жолында елеулі үлес қосты.
Бүгін АШАІМИ-де Жаңару күні аясында кәсіпорынның даму бағыттарына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында өндірістік үдерістерді жетілдіру және корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Іс-шара барысында қызметкерлердің ұсыныстары мен тәжірибесі көптеген шешімдерге негіз болғаны атап өтілді. Өзгерістердің басты мақсаты – технологиялық үдерістерді тиімді ету, еңбек өнімділігін арттыру, ашықтық пен жұмыс сапасын жақсарту.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Ол – ата-бабамыздың биік талғамы мен рухани болмысын танытатын ерекше құндылық.
АШАІМИ ұжымы да бұл күнді назардан тыс қалдырмай, түгелдей ұлттық нақышта киініп келіп, дәстүрге деген үлкен құрметін көрсетті.
Биыл ортофотожоспардағы ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерінің далалық шифрларын ашу жұмыстары Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстарының аумақтарында жүргізіледі. Негізгі мақсат – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жаңарту.